Skip to content

Күзгі демалыс күндеріндегі іс -шаралар аясында оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру…

Күзгі демалыс күндеріндегі іс -шаралар аясында оқушылардың уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында 30 қазан күні домбыра үйірмесіне қатысатын оқушылар арасында "Музыкалық калейдоскоп" интеллектуалды танымдық ойыны "Қазағымның қазынасы-домбыра" тақырыбында өтті. Ойын барысында халқымыздың ұлттық аспаптары тарихына ,олардың құрылымы және де атақты күйшілердің өмір жолына шолу жасалды. Оқушылар өздерінің білім деңгейін көрсетіп,домбыраға қатысты сұрақтарға үлкен қызығушылықпен жауап берді.Бұл ойында алғырлық танытып Әбілғазы Каусар -1орын ,Серік Шырын 2-орын,Фархатова Эльнара 3-орынға ие болды.
#біртұтас_тәрбие
#балқашқаласыбілімбөлімі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *