Құрметті Қарағанды облысының кәсіпкерлері. Егер Сіз өз ісіңізді ашуды және қолданыстағы бизнесті кеңейтуді армандайтын болсаңыз, мемлекеттік қолдаудың барынша әрекет етуші құралдарының бірін пайдалануды ұсынамыз.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында 2018 жылы Қарағанды облысында "Atameken Qaragandy" микроқаржы ұйымы құрылды, оның мақсаты "Жұмыспен қамту жол картасы"мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ауылдық жерлерде және шағын қалаларда кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру болып табылады.
2021 жылы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-мен келісім жасалды, ол осы мақсаттарға шамамен 1,8 млрд теңге бөлді. Бүгінгі таңда облыс кәсіпкерлеріне 1,3 млрд теңгеге 221 қарыз берілді. Қарағанды облысы ел бойынша ұсынылған микрокредиттер сомасы бойынша 1-ші орында екенін атап өту қажет.
Бағдарламаға қатысушылар – "Бастау" бағдарламасы бойынша оқудан өткен Қарағанды облысының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлері. "Atameken Qaragandy" МҚҰ-ға жүгінген "Жұмыспен қамту жол картасы" бағдарламасының қатысушылары үшін несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 6 пайызды құрайды. Қалалар мен моноқалалардың тұрғындары үшін қарыз сомасы 20 млн теңгеге дейін, ауылдық жерлерде – 7,6 млн теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 1 358 млн теңгеге жуық сомаға 221 жоба несиелендірілді. Нысаналы мақсаты-жылқы, ІҚМ, ҰҚМ сатып алу, балабақшалар, дамыту орталықтары, дүкендер және басқа да жобалар ашу. Несиелеудің максималды мерзімі-ісін жаңа бастаған мал өсірушілер үшін 7 жыл, басқа жобаларға-5 жыл.
Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласуға болады: Қарағанды қ., Құрылысшылар даңғылы, 4, 203-204 кеңсе.
https://www.instagram.com/p/CbzDd5dqE8u/?utm_medium=share_sheet

