Skip to content

☀️ «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің І маусымының жабылу салтанаты ☀️…

☀️ «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің І маусымының жабылу салтанаты ☀️
Бүгін «Күншуақ» жазғы лагерінің І маусымының жабылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Лагерь тәрбиеленушілері ән айтып, би билеп, өздерінің өнерлері мен шығармашылық қабілеттерін көпшілікке паш етті. Балалар лагерь барысында алған әсерлерімен бөлісіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара соңында тәрбиешілер атынан балаларға тәтті сыйлықтар мен мадақтамалар табысталып, белсенді қатысқан тәрбиеленушілер марапатталды. Жаздың жарқын күндерін көңілді өткізген балалар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, лагерьмен қимай қоштасты.

✨ «Күншуақ» лагері балалардың жазғы демалысын қызықты да пайдалы өткізуге мүмкіндік беріп, олардың жүрегінде жарқын естеліктер қалдырды. ✨ #адалазаматбіртұтастәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #