Skip to content

🌞 «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің 6-күні «Менің кіші Отаным» тақырыбында…

🌞 «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің 6-күні «Менің кіші Отаным» тақырыбында өткізілді.

Күн дәстүрлі таңғы бой жазу жаттығуларымен басталды. Балалар көтеріңкі көңіл-күймен жаттығулар жасап, сергектік пен белсенділік танытты.
Іс-шара барысында оқушылар Отан, туған жер туралы өлеңдер оқып, өздерінің туған өлкесі мен ауылы жайлы әсерлі әңгімелер айтты. Балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімдері ерекше байқалды.

Сонымен қатар тәрбиеленушілер ауылымыздың көрікті жерлеріне және мұражайға саяхат жасап, туған өлкенің тарихы мен мәдени мұрасымен танысты. Танымдық саяхат балалардың туған жерге деген қызығушылығын арттырып, олардың дүниетанымын кеңейте түсті.
Күн мазмұнды да әсерлі өтіп, балалар өздерінің кіші Отаны туралы білімдерін толықтырып, көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
#КүншуақЛагері #МеніңКішіОтаным#біртұтас_тәрбие #адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі