🌞 «Күншуақ» жазғы лагерінің 9-күні «Білімді мыңды жығар» тақырыбында өтті.
Күн дәстүрлі түрде балаларды қабылдаудан және көңілді бой жазу жаттығуларынан басталды. Балалар сергіп, белсенділік танытып, күннің іс-шараларына зор қызығушылықпен қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар логикалық және қызықты тапсырмаларға жауап іздеу ойынына қатысып, өздерінің тапқырлығы мен ойлау қабілеттерін көрсетті. Әр тапсырма балалардың білімін шыңдап, ізденіске жетеледі.
Сонымен қатар «Үш тілді білу – заман талабы» атты полиглот ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін сынады. Балалар сөздік қорларын дамытып, тіл үйренудің маңыздылығын түсінді.
Күннің соңында таза ауада «Аспан астындағы ойындар» өткізіліп, балалар көңілді уақыт өткізіп, достарымен бірге қызықты сәттерге бөленді.
Білім мен ойын ұштасқан бұл күн балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жаңа әсерлер мен пайдалы тәжірибе сыйлады.
#КүншуақЛагері#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #адал_азамат
KZ

