🌞 «Күншуақ» жазғы лагерінің 8-күні «Шеберлік әлемі» тақырыбында қызықты әрі танымдық іс-шаралармен жалғасты.
Күн балаларды қабылдаудан басталып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған таңғы бой жазу жаттығулары өткізілді. Балалар белсенді қатысып, сергектік пен шаттыққа бөленді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық ою-өрнектердің ерекшеліктерімен танысып, өз шығармашылықтарын сурет салу арқылы көрсетті. Әр бала ұлттық нақыштағы оюларды бейнелеп, қиялдары мен шеберліктерін таныта білді.
Сонымен қатар «Шебер қолдар» ойыны ұйымдастырылып, балалардың ептілігі, ұқыптылығы мен шығармашылық қабілеттері шыңдалды. Қатысушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, бір-біріне қолдау көрсетті.
Күн бойы балалар ұлттық құндылықтарды дәріптеп, пайдалы білім алып, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді.
#КүншуақЛагері#қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #адал_азамат
KZ

