Skip to content

☀️ «КҮНШУАҚ» ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ☀️ Лагерьдің екінші…

☀️ «КҮНШУАҚ» ЖАЗҒЫ ДЕМАЛЫС ЛАГЕРІНІҢ ЕКІНШІ КҮНІ ☀️

Лагерьдің екінші күні «Спорт – денсаулық кепілі» тақырыбында өтті. Балалар таңертеңгілік жаттығулар жасап, музыкалық ойындарға қатысып, мектеп дәрігерімен денсаулық туралы танымдық әңгіме жүргізді.

Спорттық эстафеталарда белсенділік танытып, ұйымшылдық пен командалық рухтарын көрсетті. Сонымен қатар, «Сақ бол, балақай!» қауіпсіздік сағатында жаз мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді.

Күн қызықты ойындарға, пайдалы ақпаратқа және көтеріңкі көңіл-күйге толы болды.#қоббтәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #адал_азамат #umckrg