Skip to content

Күншуақ» жазғы демалыс лагері – 7-күн «Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында…

Күншуақ» жазғы демалыс лагері – 7-күн
«Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында лагерь тәрбиеленушілері үшін мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар ұйымдастырылды. Күн дәстүрлі таңғы бой жазу жаттығуларымен басталып, балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл-күйге бөленді.
Іс-шара барысында «Әнші балапан» сайысы өткізіліп, қатысушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін ортаға салды. Балалар шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
ЗСонымен қатар «Біздің қолымыздан бәрі келеді» атты аспаздық сайыс ұйымдастырылды. Сайыс барысында тәрбиеленушілер өздерінің шапшаңдықтарын, жылдамдықтарын және ұйымшылдықтарын танытты. Балалар қағаздан аппликация әдісі арқылы пицца құрастырып, шығармашылық жұмыстарын ұсынды.
Күннің маңызды бөлігінің бірі – қауіпсіздік сабағы болды. Балалармен тамақтан уланудың алдын алу жолдары туралы әңгіме жүргізіліп, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Тәрбиеленушілер өз ойларын ортаға салып, пайдалы пікірлерімен бөлісті.
Осындай қызықты әрі танымдық іс-шаралар арқылы балалар уақыттарын тиімді өткізіп, жаңа білім алып, өнерлері мен қабілеттерін шыңдады. 🌞🎤💃🍕👏#біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі