Қоғамда құқықтық сауаттылықтың маңызы күн сайын артып келеді. Азаматтардың өз құқықтары мен міндеттерін білуі – әділетті қоғам қалыптастырудың негізгі шарттарының бірі. Осыған орай, біз "Құқық навигатор" апталығын ұйымдастырып отырмыз.
Бұл апталықтың басты мақсаты – қатысушыларға құқықтық білім беріп, олардың заң туралы түсініктерін кеңейту, құқықтық мәдениетін арттыру. Апталық барысында әртүрлі шаралар, пікірталастар, викториналар және интерактивті ойындар ұйымдастырылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. @balqash_qbb #қоббтәрбие #құқықтықсауаттылықапталығы #umckrg

