Skip to content

📚 «Кітап әлемі» күні Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде…

📚 «Кітап әлемі» күні

Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы демалыс лагерінде «Кітап әлемі» атты танымдық күн ұйымдастырылды.

Күн барысында балалар таңертеңгілік сергіту жаттығуларына қатысып, көтеріңкі көңіл күймен жұмысын бастады. Оқушылар «Ертегі кейіпкерлерімен» рөлдік ойынына қатысып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар кітапханаға саяхат жасап, кітап қорымен танысып, кітап оқудың маңыздылығы туралы мағлұмат алды.

Іс-шара соңында балалар субояумен сурет салып, өздерінің қиялдары мен шығармашылық идеяларын қағаз бетіне түсірді. Танымдық әрі қызықты өткен күн балаларға жақсы әсер сыйлап, кітапқа деген қызығушылықтарын арттырды.

#КүншуақЛагері #КітапӘлемі #ЖазғыДемалыс #БалаларШығармашылығы #балқашқаласыбілімбөлімі