Skip to content

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің…

Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі болып осы зұлымдықпен күресу болып табылады. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады. Сондықтан сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.Осы орайда қаңтардың 17 күні 9 сынып оқушылары арасында «Сыбайлас жемқорлық мәселесін қалай шешуге болады?» тақырыбында эссе байқауы өтті.
Мақсаты:оқушылардың жемқорлыққа қарсы тұру мәдениетіне баулу,құқықтық сауаттылығын
арттыру,шығармашылық әлеуетін,өзіндік ой-пікірін сауатты жеткізе білуін дамыту.
Нәтижесінде оқушылар төмендегідей марапатталды.
1 орын-Толысбаева М.9 «Б»
Қасым Ж. 9 «А»
2 орын- Шыныбекқызы А. 9 «А»
Көкей С 9 «Б»
3 орын –Телменбетова А.9 «А»
Сейтбекова М. 9 «Ә»

#біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *