Қазнетте тараған бейнеролик авторы ПТР талдауына биоматериал алуға арналған стикпен сәуле өлшеуіштің үстінен өткізеді, осы кезде құрылғы дыбыс шығарып, сандар көрсетеді. Автордың айтуынша, бұл шекті нормадан асып кеткендіктің белгісі. Осыдан пайдаланушылар ПТР сынақтарын алуға арналған стиктер радиоактивті деген қорытынды жасайды. Бұл олай емес.
Шын мәнінде, биоматерал алуға арналған стикте радиоактивті компоненттер жоқ және болмайды. Мұндай медициналық құрылғылар жасалуы тиіс материалдар нақты көрсетілген ұсыныстар бар. Мысалы, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) ресми сайтында жарияланған нұсқаулықта биоматериалдар алуға арналған стиктер синтетикалық талшықтардан, атап айтқанда, полиэстерден немесе вискозадан, ал олардың өзектері тығыз пластиктен жасалуы керек делінген.
Сондай-ақ, Желіде әртүрлі өндірушілердің ПТР тестілеу жиынтықтарының сипаттамаларын көруге болады. Онда жиынтықтың әр элементі неден жасалғандығы туралы егжей-тегжейлі ақпарат берілген және олардың ешқайсысына радиоактивті элементтер кірмейді.
ПТР сынақтарының радиоактивтілігі туралы миф бұған дейін нақты уақыт режимінде осындай талдау жасау үшін радиоактивті изотоптар қолданылғандықтан шыққан болар. Алайда, олар биоматериал алуға арналған стикте болмаған, кейін зертханада талдау кезінде қолданылған. Ал қазіргі кезде ПТР талдауын жүргізу үшін радиоактивті изотоптар пайдаланылмайды. Олар көбінесе флуоресцентті бояғыштар болып табылатын арнайы маркерлермен алмастырылды.
