Skip to content

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жаңа жалпыұлттық мүдделері алға қойылған, олардың…

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының жаңа жалпыұлттық мүдделері алға қойылған, олардың бірі – қазақстандық патриотизм болып табылады. Қазақстандық патриотизм – ол тек қазақтардың ғана өз отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыстардың барлығына қатысты нəрсе. Елін сүю мен отансүйгіштік – əрбір адамның рухани қасиетінің ішкі көрінісі мен мазмұны. Жалпы адамның даму процесі отансүйгіштік қасиетін туғаннан бастап бойына сіңіреді. Отбасындағы тəрбие, оқумен еңбек ұжымы, өмірдің өнегелік тəрбиесі, партиялық жəне түрлі қоғамдық ұйымдар, діни орталықтар отан сүйгіштік сезімге ықпал етеді. Биологиялық емес, бірте-бірте сіңісетін қасиет, яғни, рухани-психологиялық жəне саяси-əлеуметтік құбылыс. Ұлттық патриотизмді жандандыру арқылы ұлтымыздың өзінің мəдениетіне, тіліне, салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына, жалпы өз Отанына деген махаббат қалыптастыруға болады, оларда ұлттық мақтаныш қалыптасады.
#ұлтаралықдостық

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *