⚜Қазақтың ең маңызды және қадірлі дәстүрлерінің бірі «Шежіре түзу» деп аталады, бұл аудармада «өз тамырыңды, шыққан тегіңді есте сақтау» дегенді білдіреді. Осы дәстүрді жаңғырту мақсатында қарашаның 24-і күні мектебімізде "Өсиет" аталар клубының ұйымдастыруымен⚜ "Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер"⚜ тақырыбында 5-6 сынып ұлдары арасында шежіре байқауы өтті. Байқауға қатысушылар өздерінің шежірелерімен таныстырып, мақалдың жалғасын табу, жұмбақ шешу, жеті ата мен жеті ұрпақты таратуда белсенділік көрсетті. Байқауға "Өсиет" аталар клубы мүшелері төрелік етті.
#ҚОББтәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#umckr#біртұтас_тәрбие
#даналықмектебі







