Қазақстан Республикасының президенті Қ.Қ.Тоқаевтың 08.09.2025 жылғы жолдауына
ПІКІР
Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті жолдауын жасады. Жолдауда ел тағдырына қатысты 6 маңызды мәселелер қамтылды. Инфрақұрылым мен білім беру ортасының жаңғыртылуы. Бұл бастамалар білім беру сапасын жақсартып, оқушыларға лайықты жағдай жасауға бағытталған нақты қадамдар екені анық. Цифрлық трансформация- оқытуды қолжетімді ету. Бұнда-Білім алудың сапасын арттыра отырып, оқытушылық пен оқушылық тәжірибені цифрлық форматта жаңғыртуды қамтамасыз етеді. Инклюзивтілік пен қолдаудың кеңеюі. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына нақты мүмкіндік, олардың қоғамға толыққанды араласуына бағытталған маңызды қадам.
Кадрлық саясат пен кәсіби бағытталған оқу. Бұл бағытта шетелден білікті мамандарды тарту, университеттерге жасанды интеллект пайдалану еркіндігін кеңейту және көші-қонды цифрлық жүйеге қою сияқты шаралар да аталды .
Белсенді педагогикалық кадрлар және әлеуметтік қолдау. Педагогтардың мәртебесін арттыру, олардың кәсіби біліктілігін көтеру. Елде сапалы білім беру жүйесін қалыптастырудың маңызды бөлігі. Сонымен қатар, «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидасы аясында кадрларды қоғамның құрметіне бөлеу жолында нақты әрекеттер қабылданып жатқанын қуаттаймын. Бұл бастамалар — білім беру жүйесін заман талабына сай дамытуға бағытталған нақты қадамдар деп санауға болады.
Меніңше, бұл — білім саласында жүйелі реформаларды жүзеге асыруға арналған жақсы мүмкіндіктер. Әсіресе ауылдық жерлер мен ерекше қажеттіліктері бар оқушылар үшін жасалып жатқан шаралар маған өте маңызды көрінді. Дегенмен, осы бастамалардың орындалуын бақылау, тиімділік пен нәтижесін бағалау — болашақтағы басты міндеттердің бірі болмақ.

