ҚАЗАҚМЫС» ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БАСПАНАМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒДАРЛАМАСЫ
«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерді жеңілдетілген шарттармен тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік бағдарламаны жалғастыруда. Айта кетейік, биыл наурыз айында әлеуметтік осал санаттағы 13 қызметкерге жаңа пәтер кілті табысталған болатын. Қазіргі уақытта тағы 16 қызметкер тұрғын үйді жеке меншікке рәсімдеу жұмыстарын жүргізуде. Оның 9-ы Балқаш қаласынан болса, 7 пәтер Жезқазған және Сәтбаев қалаларында берілді.

KZ

