«Қазақ халқының ескі мұрасының бірі-Тоғызқұмалақ ойыны.Мұның қашаннан келе жатқаны жөнінде анық мәлімет жоқ.Тоғызқұмалақ ойыны бүкіл Орта Азияда,әсіресе қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп ұшырайды…Бұл ойын қазақтың барлық ойынының ішіндегі ең қиыны,ойнаған адамның миы істеп,есепшілігі тез артып, тапқыштық жағы күшеймек» деген екен көрнекті түрколог ғалым С.Аманжолов.Тарихи деректер бойынша тоғызқұмалақ тақтасы ретінде жерді қазып,арнайы шұңқырлар жасаған.Ал құмалақтарды дайындау үшін қойлардың құмалағы кептіріліп,дәл сондай 162-сін қолданған.Ойын басында әр ойыншыға бір қазан,тоғыз отауға тоғыз-тоғыздан салынған сексен бір құмалақ тиесілі. Осы ұлттық ойынымызды жас ұрпаққа үйрету, насихаттау мақсатында мектебімізде тоғызқұмалақ үйірмесі өз жұмысын атқарады. 4 желтоқсан күні «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» форумы аясында тоғызқұмалақ ойыны үйірмесінің жетекшісі Буратай Т. шеберлік сынып өткізді.
#ҚОББтәрбие
#біртұтас_тәрбие
#balkash_qalasy_bilim_bolimi
#umckg




