⚡️ Қасым-Жомарт Тоқаев:
«Атырау өңірінде ел өміріне белсене араласып жүрген меценат азаматтарымыз баршылық. Осы орайда, жергілікті кәсіпкерлерге және өңір тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Атыраулықтар елордамыздың 20 жылдығына тамаша тарту жасағанын бүкіл ел біледі. Есілдің үстіне салынған бекіре балығы тәрізді көпір – Астананың көркін аша түскен бірегей нысанның бірі.
Сол сияқты Түркістандағы «Ұлы дала елі» орталығы – Атырау жұртының сыйы. Мұны мемлекет те, халқымыз да жоғары бағалайды. Әрине, басқа аймақтар да ортақ іске өз үлесін қосып келеді. Осындай жанашырлық пен ынтымақтың арқасында елдігіміз нығаяды.
Алайда, біз келешекте аймақтардан осындай сыйлықтарды талап етпейміз, әрбір облыс мейлі жаңа болса да, өз күшімен, Үкіметтің көмегімен, инвесторлардың қолдауымен өз жұмыстарын өздері атқаруы керек»

