Кәсіптік бағдар беру жоспарына сәйкес мектебімізде 6-сынып оқушыларына арналған «Мамандықтар шеруі» атты квест ойыны өткізілді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды түрлі мамандықтармен таныстыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру, болашақ мамандықты саналы таңдауға ықпал ету.
Квест ойыны бірнеше бекеттен тұрды. Әр бекетте оқушылар белгілі бір мамандыққа қатысты тапсырмаларды орындап, логикалық ойлау, топпен жұмыс жасау және шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Ойын барысында оқушылар дәрігер, мұғалім, инженер, аспаз, дизайнер және басқа да мамандықтар туралы қызықты мәліметтер алып, практикалық тапсырмалар орындады.
Шара соңында белсенді қатысқан командалар марапатталып, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. «Мамандықтар шеруі» квест ойыны оқушылар үшін қызықты әрі танымдық сипатта өтіп, олардың болашаққа деген көзқарасын кеңейтуге үлкен ықпал етті.
Жауапты: Сандыбаева Д.Ж
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие
KZ


