Skip to content

💐Қарттар күніне орай мектебіміздің 9”А”, 11”А” сынып оқушылары мен ұстаздары…

💐Қарттар күніне орай мектебіміздің 9”А”, 11”А” сынып оқушылары мен ұстаздары мектебіміздің ардагер ұстаздары Бибосынова Ж. Ш. мен Ахбаева Ж. А. үйлеріне барып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
💐Оқушылар өз қолдарымен дайындаған ашық хаттарын, гүл шоқтарын және шағын сыйлықтарын табыстап, ардагерлерге жылы лебіздерін білдірді.
Сонымен қатар, оқушылар шағын концерттік бағдарлама ұсынып, ән айтып, өлең оқып берді. Ардагер ұстаздар өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті, баталарын берді.
💐Мақсаты:
Үлкендерді құрметтеу дәстүрін сақтау
Ардагер ұстаздарға құрмет көрсету
Оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеу
#адал_азамат #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие #қарттаркүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *