Skip to content

🚨 Қарағанды облысында жол рейдтерінің нәтижесі 📈 Екі күн ішінде…

🚨 Қарағанды облысында жол рейдтерінің нәтижесі
📈 Екі күн ішінде полиция 450 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады:
* 76 — нөмірлері оқылмайтын немесе талапқа сай емес көлік;
* 20 — нөмірсіз жүру;
* 14 — жалған нөмір пайдалану;
* 8 — қарсы жолаққа шығу;
* 8 — мас күйде көлік басқару.
🚘 11 маусымда жалған нөмірмен жүрген 12 жүргізуші анықталды. Оның ішінде Луначарский көшесінде Toyota басқарған 50 жастағы ер адам және Сталелитейная көшесінде Lada тізгіндеген 43 жастағы әйел тоқтатылып, ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы бойынша хаттамалар рәсімделді. Көліктер айып тұрағына қойылды.
❗ Жалған нөмір қолдану фактілерін анықтау жұмыстары ерекше бақылауда. Жол ережесін сақтаңыздар!
#ЗаңменТәртіп #ЖолҚауіпсіздігі