Қалалық "Менің таңдауым – менің болашағым!" атты акциясының ІІ кезеңі бойынша 07. 02.2022ж күні мектебіміздің 9-11 сынып оқушыларымен мамандық таңдауда кәсіби бағдар беру мақсатында Қарағанды қаласы Е. Букетов атындағы университеті қызметкерлерімен ZOOM арқылы онлайн кездесу өткізілді. Кездесу барысында оқу орнының оқуға қабылдау кезеңдері мен жеңілдіктері және шарттарымен таныстырылды. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, яғни, мамандықтары туралы толық мағлұмат берілді.
Мамандық таңдау – жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан да, мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
#balqash_bilim_bolimi









