Skip to content

📅 І күн – 23 ақпан 2026 жыл 🔬 Жаратылыстану-ғылыми…

📅 І күн – 23 ақпан 2026 жыл
🔬 Жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының ашылуы

Апталықтың алғашқы күні «Ғылым — сиқыр емес, білім» атты салтанатты ашылу рәсімімен басталды 🎉. Ашылу барысында оқушыларға апталықтың мақсаты таныстырылып, ғылым мен технологияның маңызы туралы айтылды 📚✨.

1–4 сынып оқушылары үшін «Ғылыми жаңалықтар күні» ұйымдастырылып, «Ойлан, тап!» бекеттерінде қызықты логикалық сұрақтар мен жұмбақтар берілді 🧠❓. Оқушылар белсенділік танытып, тапқырлықтарын көрсетті 👏.

Сонымен қатар «Физика сиқыршылары» атты сыныптан тыс іс-шара өтіп, тәжірибелік тапсырмалар мен қызықты көрсетілімдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты ⚛️🔍.

✨ Бірінші күн ғылымға деген ынтаны арттырып, апталықтың мазмұнды әрі қызықты өтуіне серпін берді.
#ҒылымЖәнеТехнология
#ЖаратылыстануАпталығы
#ҒылымСиқырЕмесБілім
#ҒылымиЖаңалықтарКүні
#ОйланТап
ФизикаСиқыршылары
ҒылымҒажайыптары
БілімгеҚадам