«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік ойынының қалалық кезеңі
2025 жылдың 29 қазанында сағат 10:00-де «Сарыарқа дарыны» балаларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының тапсырмалары негізінде «ХХІ ғасыр көшбасшысы» республикалық интеллектуалдық ойынының қалалық кезеңі өтті.
Зияткерлік сайыс үш кезеңнен тұрды. Қатысушылар өз білімдерін, тапқырлығын және шешендік қабілеттерін көрсетті.
Қалалық кезең қорытындысы бойынша:
🏅 Жаныбекұлы Тәңірберген – ІІ орын иеленіп, облыстық кезеңге жолдама алды;
🎓 Телембетова Айсана – белсенді қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Бұл байқау жас буынның білімге, ізденіске және интеллектуалдық дамуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған маңызды шара болды @balqash_qbb @umckrg

