«Ғасыр ақыны» атанған Мұқағали – қазақтың қарапайым тілінің мәні мен нәрін оқырманға жеткізіп кеткен ірі тұлға.Оның жырлары оқырманның жүрегінде мәңгілікке сақталған.
9 ақпан – ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні.Осы күнге орай мектебімізде ақынның туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің…» тақырыбында оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өтті. Іс-шараның басты мақсаты – қазақтың маңдайына біткен ұлы перзентінің туған күнін ескерусіз қалдырмау және сол арқылы әдебиетіміздің алтын қорына енген өнегеге толы ақын өлеңдерін насихаттау.
Байқау қорытындысы бойынша қатысушылар марапатталды.
#balgash_galasy_bilim_bolimi #
#ҚББОтәрбие

