Экологиялық сауаттылық — адамның табиғат туралы білім деңгейі, экологиялық мәселелерге жауапкершілікпен қарауы, экожүйенің тепе-теңдігін сақтау қабілеті. Сауаттылықтың төмендігі экологиялық проблемалардың ушығуына әкеледі. Сондықтан, халық арасында экологиялық білімді арттыру аса маңызды.
Сәуірдің 14 күні мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық сауаттылық
апталығы бастау алды.Апталықтың жоспары аясында 1-4 сыныптарда «Құстарды қорға-табиғатты сақта!» экосағаттары, 5-8 сыныптарда «Жер –біздің ортақ үйіміз» және 9-11 сыныптарда «Таза ауа-денсаулық кепілі», «Табиғат-Жер-Ана» тақырыптарында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:табиғатты аялап қастерлеуге баулу,экологиялық сана мен оқушылардың әлемге деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
#Біртұтас_тәрбие
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#тазақазақстан🇰🇿










