Skip to content

⛹️‍♂️”Дені саудың-жаны сау”атты дене шынықтыру апталығы аясында 6–7–8 сынып оқушылары…

⛹️‍♂️”Дені саудың-жаны сау”атты дене шынықтыру апталығы аясында 6–7–8 сынып оқушылары арасында мини-футболдан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа әр сыныптың құрама командалары қатысып, өзара тартысты ойын көрсетті.
Турнирдің мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту.
Ойындар жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар шапшаңдық, ептілік және командалық үйлесімділікті танытып, жанкүйерлерге әсерлі сәттер сыйлады. Әр команда жеңіске деген жігерін көрсетіп, тартысты бәсеке өрбіді.
Турнир қорытындысы бойынша: 🥇 I орын – 7«А» сыныбы
🥈 II орын – 6 «Б» сыныбы
🥉 III орын – 8 «А» сыныбы жеңімпаз және жүлдегер командалар анықталып, марапаттау рәсімі өткізілді. Іс-шара оқушыларға ерекше әсер қалдырып, спорттық рухты көтерді.