Skip to content

🎨Дене шынықтыру апталығы аясында мектебімізде «Спорт әлемінде» атты суреттер көрмесі…

🎨Дене шынықтыру апталығы аясында мектебімізде «Спорт әлемінде» атты суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

🎗️Көрменің мақсаты – оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрмеге 5-7 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің қиялынан туған спорт тақырыбындағы суреттерін ұсынды. Әрбір суреттен спортқа деген сүйіспеншілік пен жеңіске деген жігер байқалды.
Көрме барысында үздік жұмыстар атап өтіліп, белсенді қатысушылар марапатталды. «Спорт әлемінде» суреттер көрмесі оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, дене шынықтыру апталығының мазмұнын арттыра түсті.