Бүкіл түркі халықтарының ұлы тойы- Наурыз мерекесін ұлттық дәстүрімізбен, әдет- ғұрпымызбен байланысын насихаттап, ұрпағымыздың өз ұлтына, салт- дәстүріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында мектеп кітапханасында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге “Қазақтың дархан дастарханы”, “Қазақ халқының салт-дәстүрлері”, “Традиционная культура Казахстана”, “Қазақтың қолданбалы өнері”, “Қазақ оюлары” және наурыздың шығу тарихы, наурыз көженің жасалуы, “Ұлттық тағамдар”, “Ұлттық киімдер”, “Ұлттық ойындар” тақырыбы бойынша суреттер көрмесі көрсетілді. “Әз Наурыздың маңызын кітаптар, басылымдардағы мағлұматтар, суреттер арқылы жеткізу- өз халқының мәдениеті пен этнографиясын танып білгісі келетін жас ұрпаққа таптырмас мүмкіндік.



