Skip to content

🎥 Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Балқаш журналистері арасында…

🎥 Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында Балқаш журналистері арасында спорттық іс-шара ұйымдастырылды. Қаладағы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері кәсіби мерекені спорттық сайыстар арқылы атап өтті.

♟️ Мерекелік бағдарлама дойбы турнирімен басталып, кейін «Металлург» стадионында өткен «Отбасылық көңілді старттар» сайысымен жалғасты. Қатысушылар әртүрлі эстафеталарда бақ сынап, ептілік, жылдамдық және ұйымшылдықтарын көрсетті.

🏆 Жарыс қорытындысы бойынша І орынды **«Балқаш өңірі»** газетінің командасы иеленді. ІІ орын **«Северное Прибалхашье»** газетіне бұйырса, ІІІ орынды **«Оркен-Media»** телеарнасының ұжымы жеңіп алды.

📌 Іс-шара кәсіби мереке аясында әріптестер арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етті.