Бүгін Қазақстан Ұлттық валютасының қолданысқа енген күні. 1993 жылдың 15 қарашасында тарихи оқиға – Тәуелсіз Қазақстан Республикасының төл валютасы айналымға енді. "Теңге" атауы "денге" немесе "таньга" сөзінен шыққан. Бұл – орта ғасырдағы түркі күміс монеталарының тарихи атауы. Бұл атауды академик Сауық Тәкежанов ұсынды. Теңге – Қазақстан республикасының мемлекеттік нышаны. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да мемелкеттік нышандардың қатарына жатады. «Банкнот фабрикасының құрметті қонақтар» кітабында ол ашылған күн – 1995 жылы 19 мамырда ҚР президенті жазып қалдырған мынадай жазу бар: «Біздің еліміздің экономикалық тәуелсіздігінің жарқын туындысы – біздің астанамызда теңгенің алғашқы пайда болуы, халықтың және болашақ ұрпақтың игілігіне қызмет етсін»,-деген болатын.Осы мерекелік күнге байланысты 1-11 сыныптарда тақырыптық сынып сағаттары өтті.
Мақсаты:
оқушыларға ұлттық валютамыз – теңгенің даму тарихы мен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы мәлімет беру, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау.
#балқашқаласыбілімбөлімі
#біртұтастәрбие








