🌳 Біздің өңір тек көгілдір Балқаш көлімен және бірегей Бектауата табиғи аймағымен ғана емес, басқа да ерекше орындарымен танымал. Осыған орай тағы бір жағымды жаңалықпен бөліскіміз келеді. Бектауатадағы соқпақтарды жетік білетін тау гиді Павел Новокшонов туристік бағыттарының аясын кеңейтті.
🔹 Жуырда ол Балқаш тұрғындары мен қала қонақтары үшін өңіріміздегі тағы бір ерекше мекен – Тораңғыл тоғайына алғашқы экскурсия ұйымдастырды. Бұл табиғаты таңғажайып орын Балқаш қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.
Экскурсияға қатысушыларды тамыр жүйесі 50 метрге дейін тереңдікке кететін реликт ағаштар ерекше әсерге бөледі. Бұл ағаштар жер астындағы суды тереңнен сіңіріп қоректенеді. Сонымен қатар тораңғы ағашының қабығы да ерекше қасиетке ие: ол тұзды суды сүзгіден өткізіп, тұзды сыртқа шығарады. Сондықтан кәрі ағаштардың діңінен ақ түсті тұз іздерін көруге болады.
Тораңғы ағашы Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Экскурсияның барлық ерекшелігін сөзбен жеткізу мүмкін емес. Сондықтан осы киелі мекенге өзіңіз барып табиғаттың қайталанбас сұлулығы мен ерекше атмосферасын тамашалауға шақырамыз.
KZ


