Skip to content

⚜️Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», -…

⚜️Біздің данагөй бабаларымыз: «Жауынменен жер көгерер, батаменен ер көгерер», – деп айтып кеткен ғой. Бата беру – адал ниет, жақсы тілек білдірудің ұлттық дәстүрі. Халық ақ батадан рухани қуат алады, ол жақсылыққа жол ашады деп сенеді. Сондықтан да қазақтар ежелден-ақ қадірлі қариялардан, атақты батыр, билерден, шашасына шаң жұқпайтын шешендер мен арқалы ақындардан бата алуға құштар болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *