Skip to content

Биылғы ұстаздар күні ерекше аталып өтті. Мағауиа Хамзин атындағы мысшылар…

Биылғы ұстаздар күні ерекше аталып өтті. Мағауиа Хамзин атындағы мысшылар сарайында ұстаздар күніне арналған “Ұлылықтың басында ұстаз тұрар…”атты мерекелік іс-шара 2022 жылдың 29 қыркүйек күні өткізілді.Ұстаз – ұлы есім демекші білім беру саласын дамытуға қосқан мол үлесі мен педагогикалық қызметте шығармашылық табыстарға қол жеткізіп , біліктілік танытқаны үшін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Жумашева Гулжанар Қасенқызы Қарағанды облысының білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.Сондай-ақ , білім беру жүйесінде ұзақ жылдар бойы адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, ұлтымыздың болашағы-жастарға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық жұмысқа белсене қатысқаны үшін физика пәнінің мұғалімі Тынысбекова Қарлығаш Шайқышқызы және директордың тәрбие ісінің орынбасары , қазақ тіл мен әдебиет пәнінің мұғалімі Молжигитов Еркин Касымұлы Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағының құрмет грамотасымен марапатталды.Салтанатты шараның соңы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *