Skip to content

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерін шыққанына 35 жыл толып отыр.…

Биыл Кеңес әскерлерінің Ауған жерін шыққанына 35 жыл толып отыр. Ауған жерінде қаза тапқан жауынгерлер мен боздақтардың ерлігі әлі күнге дейін ел жадынан өшкен емес.
Ауған соғысының еліміз үшін орны толмас қайғы-қасірет келтіргені, уақыт өтсе де ерлік ескірмей, оларға тағзым ету болашақ ұрпақтың еншісіндегі игілікті іс екені баршаға аян. Кеңес одағының солақай саясатының кесірінен қаншама отбасының зардап шеккені, қаншама қыршын жастың жат жерде қалғаны, қаншама жанның хабарсыз кеткені жайлы әлі де айтылар аңыз бен ақиқат жетерлік. Өскелең ұрпақтың өмірі бейбіт те тыныш, жарқын да жасампаз болуын тілейтін ардагер ағаларымыздың ерлігі мен тәлімі әрдайым үлгі.
15 ақпанда Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 35 жыл толуына орай «Горняк» мәдениет үйінде ауған соғысының ардагері Т.С.Тойшыбековпен кездесу өтті. «Горняк» мәдениет сарайының шығармашылық топтарының мүшелері музыкалық нөмірлерін арнады. Талғат Сарбасұлы оқушы жастарға өз басынан өткен оқиғаларды баяндап,оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.Оқушы жастарды еліміздің патриоты, намысшыл,білімді болуға,салауатты өмір салтын ұстанып,спортпен шұғылдануға кеңес берді.
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *