Бірінші наурыз – Қазақстан Республикасындағы Алғыс айту күні. Мерекенің басты мақсатының бірі – өскелең ұрпақты достық, бір-біріне деген құрмет пен толеранттылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Алғыс айту күні – қайырымдылық дәстүрлерін, әлеуметтік ынтымақты және өзара көмек көрсетуді қолдау күні. Мереке қарсаңында мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары, “Жас қыран” ұйымының оқушылары ұстаздарға, анаға, әкеге, досқа деген жылы лебіздерін жазды.
@balqash_qalasy_bilim_bolimi
@g.kozhakhmetoova
#қоббтәрбие

