Skip to content

⚜️Бата – адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай-ақ бата…

⚜️Бата – адал ниет, шынайы тілек білдіру дәстүрі. Сондай-ақ бата – қазақ халқының дінімен біте қайнасқан дәстүрінің көрінісі. Батаны көпті көрген, ортасына сыйлы, аузы дуалы, батагөй қариялар береді.

Халқымыз батаны берілетін жағдайына қарай бірнеше түрге бөлген. Олар: нәрестеге бата, асқа бата, ұлға бата, қызға бата, келінге бата, сапар бата, жастарға бата, той батасы, Наурыз батасы, Ораза айт батасы, жарапазан батасы және тағы басқалары.

Осы баталардың ішінде Наурыз батасының орны ерекше. Бұл күні әдетте жасы үлкен кемеңгерлер кішіге бата береді. Жастар таң шапағын күтіп, сол кезеңде ауыл ақсақалдарының, ақылгөй басшылардың батасын алуға асыққан. Наурызда жастар ақсақалдардан, беделді кісіден «Наурыз-батасын беріңіз» деп бата сұрайды.
#біртұтастәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі #қоббтәрбие #наурызнама #шаңырақкүні

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *