Бастауыш сынып мұғалімі Ибраева Ұ.Н. 1 «Ә» сыныбымен «Жыл мезгілдері, айлар, апта күндері» тақырыбында ашық сабақ өткізді 📚✨
Сабақ барысында оқушылар жыл мезгілдерін, ай атауларын және апта күндерін қайталап, оларды ретімен орналастыруды үйренді 🌸☀️🍂❄️ Мұғалім түрлі қызықты тапсырмалар, ойын элементтері арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды 🎲🧠
Сабақта сұрақ-жауап, топтық және жеке жұмыстар ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты 🙋♂️🙋♀️ Олар уақыт өлшемдері туралы білімдерін бекітіп, өз ойларын еркін жеткізе білді 🗓️✅

KZ
