«Балқаш қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ және КММ «Балқаш қаласының отбасыларын қолдау және көмек көрсету бірыңғай орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға полиция бөлімінің, пробация қызметінің, денсаулық сақтау саласының және Отбасын қолдау орталығының өкілдері қатысты. Кездесу барысында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға біржолғы әлеуметтік төлемдер беру тәртібіне енгізілген өзгерістер түсіндірілді. Аталған өзгерістер халықты әлеуметтік қолдау шараларын біріздендіру шеңберінде енгізілді.
KZ


