Skip to content

🏐Балқаш қаласында жаңа «VC RAYINA» волейбол клубының салтанатты ашылу рәсімі…

🏐Балқаш қаласында жаңа «VC RAYINA» волейбол клубының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Қаланың спорт өміріндегі маңызды оқиға волейбол жанкүйерлерін, спортшыларды және Қазақстанның әр өңірінен келген қонақтарды бір арнаға тоғыстырды.

🔹Клубтың ашылуына орай әйелдер командалары арасында ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Астана, Алматы, Қарағанды және Балқаш қалаларынан келген спортшылар қатысуда. Турнир тәжірибе алмасуға, спорттық байланыстарды нығайтуға және жастар арасында волейболды кеңінен насихаттауға мүмкіндік беретін маңызды алаңға айналды.

🔎Жарыстар қалалық «Балқаш» спорт клубының (ДСК) базасында өтуде. Қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, командалық бірлікті және жеңіске деген ұмтылысты көрсетуде.

🏷️Жаңа «VC RAYINA» волейбол клубының жетекшісі – Жанар Сәкенова. Клубтың ашылуы Балқаш қаласында волейбол спортын дамытуға, спортшыларды даярлауға және түрлі деңгейдегі спорттық іс-шараларды өткізуге жаңа мүмкіндіктер ашатын маңызды қадам болды.