Балқаш қаласында «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында жастарға арналған құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жастарға заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік пен тәртіптің маңызы түсіндірілді. Көрме аясында түрлі ақпараттық материалдар ұсынылып, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Бұл бастама жастардың заңға деген құрметін қалыптастырып, олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға және қауіпсіз қоғам құруға үлес қосуға бағытталды
KZ


