БАЛАҢЫЗ ҚАЗІР ҚАЙДА ЖӘНЕ НЕ ІСТЕП ЖҮР?
Жаз келгелі ауыл көшелерінде мопед пен скутер тізгіндеген балалар көбейді. Бірақ бұл «ермектің» соңы қайғылы жағдайға әкеп соқпасына кім кепіл?
Дәл осы мәселе мен соңғы уақытта белең алған интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында мектебімізде үлкен кездесу өтті. Жиынға мектеп директоры, кент әкімі және кент участковы арнайы қатысып, ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🚨 Жиналыстың басты тезистері:
Мототехника — ойыншық емес! Кәмелетке толмаған, жүргізуші куәлігі жоқ балалардың жолға шығуы заңсыз және өте қауіпті. Ата-аналар балаларына көлік алып бермес бұрын оның салдары туралы ойлануы қажет.
Алаяқтардан сақтаныңыз! Қаржылық және кибер-сауаттылық — бүгінгі күннің талабы. Өзіңізді және балаңызды онлайн алаяқтардың арбауынан қалай қорғау керектігі туралы нақты мысалдар мен ережелер айтылды.
Бала өміріне бей-жай қарамай, жиналысқа белсене қатысқан барлық ата-анаға алғыс білдіреміз! Басты мақсат — жазғы демалысты қауіпсіз әрі пайдалы өткізу.

KZ



