🌞 «Бақытты балалық шақ» 🌞
«Күншуақ» жазғы демалыс лагерінің 4-күні «Бақытты балалық шақ» тақырыбында өтті.
Күн дәстүрлі түрде таңғы бой жазу жаттығуларынан басталып, балалар сергектік пен көтеріңкі көңіл-күй алды. Одан кейін «Біз бақытты баламыз» атты тренинг ұйымдастырылып, балалар өз ойларын еркін жеткізіп, бақыт туралы пікірлерімен бөлісті.
Іс-шараның ерекше бөлігінің бірі – «Досыма хат» атты достық акциясы болды. Балалар бір-біріне жылы лебіздері мен жақсы тілектерін жазып, хаттарын шардың ішіне салып үрледі. Кейін әр бала өз досына шарды сыйға тартты. Балалар үйге барған соң шарды жарып, ішіндегі хаттарды оқып, достарының жүрекжарды тілектерін қабылдады.
Шара барысында балалар достықтың, сыйластықтың және мейірімділіктің маңызын түсініп, көтеріңкі көңіл-күймен уақыт өткізді.
#КүншуақЛагері #БақыттыБалалықШақ#қоббтәрбие #біртұтас_тәрбие #балқашқаласыбілімбөлімі
KZ

