Ауған соғысы 1979 жылдың 25 желтоқсанда басталып, 1989 жылдың 15 ақпанында аяқталды. Кеңес әскерінің ресми деректері бойынша бұл сұрапыл соғыста 15 мыңнан астам совет офицерлері мен солдаттары қаза тапты. 35 мыңнан астам адам жараланып, оның біразы мүгедек болып қалды. Осы соғыс әрекеттері КСРО ға 5 млрд. сом шығын әкелді. Ал осы соғыстың ел басына әкелген қайғы-қасіретінде шек жоқ.Бұл соғысқа Қазақстаннан 21 979 адам қатысып, оның 780-і қаза тапты, ал 22-сі хабарсыз кетіп, із түссіз жоғалып кеткен. Иә, адамзат тарихындағы қанқұйлы оқиғалардың бірі осы – Ауған соғысы болғаны жасырын емес. Бұл соғысқа біздің өңірден де ер-азаматтар аттанып, өздерінің интернационалдық борыштарын өтеп қайтты.14.02.2025 күні мектебіміздің 8-9 сынып оқушыларына Ауған соғысының аяқталуына 36 жыл толуына орай «Ауғанстан біздің есімізде» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды.Тәрбие сағатына Саяқ кентінің тумасы,жерлесіміз, ауған соғысының ардагері интернационалист-жауынгер Тойчибеков Талғат Сарбасович шақырылды.
Мақсаты :
– оқушылардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, ерлікке, Отаншылдыққа, елжандылыққа, ағалар ерлігін мақтан тұта жалғастыруға баулу ;
– Ауған соғысы туралы оқушыларға мағлүмат беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, Ауған соғысында опат болған жауынгерлердің рухына тағзым етуге , есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу ;
#Біртұтас_тәрбие
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg





