Ата-ана жиналысы барысында «Әлеуметтік желідегі бала: қадағалау мен сенім» тақырыбында ата-аналарға арналған ұстаздар тарапынан тағылымды үндеу жолданды. Үндеу көркем сөздің тәрбиелік қуатын пайдалана отырып, өлең жолдары арқылы жеткізілді.
Өлең мазмұнында қазіргі қоғамдағы әлеуметтік желінің бала өміріне тигізер әсері, ата-ананың жауапкершілігі, баланы бақылау мен оған деген сенімнің тепе-теңдігін сақтау қажеттілігі көркем тілмен бейнеленді. Ұстаздар ата-аналарды баланың виртуалды әлемдегі қауіпсіздігіне бейжай қарамауға, сонымен қатар оның жеке пікіріне құрметпен қарап, сенім арта білуге шақырды.
Бұл өлең жолдарымен жеткізілген үндеу ата-аналарға терең ой салып, бала тәрбиесінде қадағалау мен сенімнің өзара үйлесімділігі аса маңызды екенін айқындады.
#адал_азамат #біртұтас_тәрбие #қоббтәрбие #balqash_qalasy_bilim_bolimi #uo_krg
KZ

