Skip to content

Асқар тау әкең болса жанға тірек, Анаң жүрсе қасыңда арқа…

Асқар тау әкең болса жанға тірек,
Анаң жүрсе қасыңда арқа сүйеп.
Қайғы кеп қабырғаңа соқтығысса,
Жанұяң – демеу болар үлкен жүрек.

Әжең сені қасына ап, күлімдейді,
Анаң келіп қуанып, күнім дейді.
Қандай да бір жағдайға ұшырасаң,
Оларда қиналған соң, уайым жейді.

Әке-шеше бүлдіршіннің қосқанаты,
Сол қанатта өсуде жастар әлі.
Жанұя құдіреттінің құдіреттісі,
Отанда осы жерден басталады!!!
#балаларжылы09

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *