Әр түрлі халықтардың мәдени тарихында өз шығармашылығымен әдебиеттің дамуына, сонымен қатар өзінің және кейінгі ұрпақтардың музыкалық өнеріне де үлкен прогрессивті ықпал еткен адамдар көп емес. Қазақ халқында осындай таланттары ұштасқан көрнекті тұлға ақын-ағартушы, композитор Ұлы Абай Құнанбаев.
Абай дарынды композитор болды, өзінің нота сауатынан хабарсыздығына қарамастан, ән шығару ісінде айта қаларлықтай жаңалықтар тудырды. Оның басты себебі: қазақтың халықтық музыка дәстүрінде ол өзіне дейін болмаған жаңа үнді, жаңа ырғақты ән шығарды.
Абай әндері, халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын соңды қазақтың халықтық музыка салтында болмаған жаңа музыкалық өткір тіл мен жаңашыл өлең текстіне құрылуына себеп болды.
Абай күніне орай "Әнді сүйсең,менше сүй" атты ақын әндерін орындау челленджіне мектеп оқушылары белсене қатысты.
5 а сынып оқушысы Темірбек Нүрлы
#ҚОББТӘРБИЕ
#uo_krg
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
