Skip to content

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды, Шектеу де және тегін қойылмайды!…

Әр бабы, әр тармағы жойылмайды,
Шектеу де және тегін қойылмайды!
Келісім-шарт жасасқан барлық шет ел
Қазақтың Ата Заңын мойындайды!

Өмірден әділдік пен бақ табатын,
Құқығым қорғалды деп шаттанатын,
Өзіңдей жас өркендер келеді өсіп
«Бұл біздің – Ата Заң» деп мақтанатын!

Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген
Ата Заң – Азат елдің Ар-намысы!
#АтаЗаң30 #30ЖылАтаЗаң #Конституция30 #КонституцияКүні #АтаЗаң #30ЛетКонституции #АтаЗаң30Жыл #ЗаңМенТәртіп

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *