Skip to content

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» – демекші, 20.10.2023 күні…

«Алаш туы астында, Күн сөнгенше сөнбейміз!» – демекші, 20.10.2023 күні «25-қазан Республика күнінің» жоспарына сәйкес «Алаш зиялылары» атты пікір-талас сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты: Ұлт жанашырлары, қазақ зиялылары Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы сынды бабаларымыздың өмірі мен қызметі арқылы бүкіл алаштықтардың еңбектері мен ерліктерін еске алу, құрмет көрсетіп, қадыр тұтып, қазақ халқына қаншалықты маңызды екенін жеткізу. Сайыс 4 кезеңнен тұрды. Әрбір кезеңде оқушылар өздерінің ойлау қабілеттерін, шешендік сөйлеу өнерін және тұлғалық ресурстарын дамытты. Сайыс өте қызықты өтті. Сайыстың жеңімпаздары 1-орын «Әлихан Бөкейханұлы» тобы, 2-орын «Ахмет Байтұрсынұлы» тобы, 3-орын «Міржақып Дулатұлы» тобы марапатталды. #қоббтәрбие @balqash_qbb @umckrg #Республикакүнібілім09

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *