Әке жақсы болса, баласы да соған еліктейді. Бала қашан болмасын әкені ардақтауы керек. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған.Әкені ардақтау – әркімнің міндеті, себебі әке бұл өмірде өте қымбат адамдардың бірі болып табылады.
« Әке жолы-ізгі жол» айлығының жоспары аясында ақпанның 6 күні мектебімізде 3”А”, 4”А”сыныптары арасында “1001 мақал,101 жұмбақ”атты зияткерлік ойын-сайысы өткізілді.
Мақсаты: Жанұядағы әке мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту. Әкеге деген бала құрметін ояту. Балаларды ұлтқа тән жақсы қасиеттерді білуге, үйренуге және олардың логикалық ой – өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын, ойлау қабілеттерін бала бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.
Мақал-мәтел,жұмбақтар айту арқылы оқушылардың көркем, ұтымды сөйлеуге үйретіп,олардағы негізгі ойды білдіру.Оқушылар 4 кезеңде өз білімдерін сынады.
1) Жүйрік болсаң,шауып көр.
2) Мықты болсаң ,тауып көр.
3) Ойлы болсаң,озып көр.
4) Тапқыр болсаң,жауап бер.
Бұл сайыста 3-4 сынып оқушылары жоғарыда берілген кезеңдегі тапсырмаларды қызыға,белсенділікпен жарыса орындады. Жеңімпаздар марапатталды.
#ҚОББТӘРБИЕ
#balqash_qalasy_bilim_bolimi
#rumcdo_official
#umckrg
#біртұтас тәрбие










